439

«Қайта бастаса – соғыс жалғасады»: Трамп Иранға ашық қоқан-лоқы жасады

Трамп Иранға қарсы күш қолдануға дайын екенін жасырмады.

«Қайта бастаса – соғыс жалғасады»: Трамп Иранға ашық қоқан-лоқы жасады
Tom Brenner / Reuters

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ядролық бағдарламасын қайта қалпына келтіруге кіріссе, Вашингтон жаңа әскери соққылар жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Флоридада Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.

Трамптың сөзінше, Иранның уран байыту инфрақұрылымы биыл маусым айында жойылған. Ол кезде АҚШ Израильдің Иранға қарсы 12 күнге созылған әскери операциясына қосылып, елдегі бірнеше ядролық нысанға соққы жасаған. Алайда қазір Ақ үйге Тегеранның ядролық бағдарламаны қайта іске қосуға талпынып жатқаны туралы ақпараттар түсіп жатыр.

«Егер бұл рас болса, біз оларды талқандауға міндеттіміз. Біз оларды жермен-жексен етеміз», – деді Дональд Трамп Financial Times басылымына сілтеме жасай отырып.

Сонымен қатар Израиль билігі Иран баллистикалық зымыран қорын жедел түрде қалпына келтіріп жатқанын алға тартып отыр. Financial Times дерегінше, Иерусалим бұл мәселені ерекше алаңдаушылықпен бақылауда. Бұған дейін NBC телеарнасы дереккөздерге сүйеніп, Израиль Иранға қайта соққы жасау мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған.

Материал авторы