74 жастағы қазақстандық әжей Орынбор әуежайында полицейлерге шабуыл жасады

30.12.2025, 10:06
529
74 жастағы қазақстандық әжей Орынбор әуежайында полицейлерге шабуыл жасады iStock

Зейнеткер Ресейге Қазақстаннан қызын көруге барған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Орынбор облыстық аудандық соты Орынбор әуежайында екі полиция қызметкеріне күш қолданды деген күдікпен Қазақстан азаматын екі айға қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, 74 жастағы зейнеткер Ресейге Қазақстаннан қызын көру үшін барған. Шекараны автокөлікпен кесіп өткеннен кейін ол сапарын әуе рейсімен жалғастырмақ болған.

Алайда әуежайдағы тексеру кезінде әйел қол жүгінде бес литрлік ыдысқа құйылған май алып өтпек болған. Мұндай затты ұшақ салонына кіргізуге әуе тасымалы ережелері қатаң тыйым салады. Полиция қызметкерлерінің ескертуі зейнеткердің ашулы реакциясын тудырып, соңы жанжалға ұласқан. Нәтижесінде екі құқық қорғау қызметкері зардап шеккен.

Сот отырысында әйел өз кінәсін мойындамай, ешқандай заң бұзушылық жасамағанын мәлімдеді.

Күдіктінің жасы ескеріліп, бастапқыда бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі кейінге қалдырылған. Сот туыстарына кепіл немесе үйқамақ ұйымдастыруға мүмкіндік берген. Алайда уақытша ұстау изоляторынан алынған мінездемелерде зейнеткердің белгіленген тәртіпті сақтауға ниет білдірмейтіні көрсетілген. Сонымен қатар сот оның Ресей аумағынан кетуді жоспарлағаны жөніндегі ақпаратты да назарға алған.

Осы жайттардың барлығын ескере отырып, сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды