Жаңа жыл түні Жерді магниттік дауыл шарпиды
Ғалымдар магниттік дауыл болатынын растады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңа жыл түні Жерде магниттік дауылдар күтіледі. Алайда бұл құбылыстың жағымды қыры да бар: бірқатар өңір тұрғындары сол түні аспанда жарқыраған полярлық шұғыланы тамашалай алады.
Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Күн–Жер физикасы институтының Күн астрономиясы зертханасы 30 желтоқсан күні тиісті мәлімет таратты.
Ғалымдардың айтуынша, есептеулер ел аумағында Жаңа жыл түні айқын көрінетін солтүстік шұғыланы бақылауға мүмкіндік бар екенін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Жерге бір мезетте екі ғарыштық фактор әсер етуде.
«Модельдерге сәйкес, дәл осы кезеңде Күннің солтүстік жарты шарында байқалып отырған шағын короналдық ойықтың ықпалы және жексенбіден дүйсенбіге қараған түні тіркелген М-класс жарқылдары салдарынан Күннен бөлініп шыққан плазмалық бұлттың шеті Жерге жетіп отыр», – деп мәлімдеді зерттеушілер.
Сарапшылардың түсіндіруінше, осы факторлардың қабаттасуы магнит өрісінің күрт бұзылуына әкеліп, геомагниттік дауылды күшейтеді. Бұл өз кезегінде жоғары ендіктерде полярлық шұғыла құбылысын тудырады.
Материал авторы