Блогер Жанабыловтар өздеріне «күдікті» мәртебесінің берілуіне қарсы шықты

Азиз Қалижан Редактор
30.12.2025, 12:44
677
Блогер Жанабыловтар өздеріне «күдікті» мәртебесінің берілуіне қарсы шықты instagram.com/zhanabylov_e

Қорғау тарапы тергеуді заңсыз деп санайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тергеу органдары блогерлер Эльмира және Ерболат Жанабыловтарды қылмыстық іс аясында күдікті деп таныды. Алайда ерлі-зайыптылардың қорғаушысы бұл шешімнің заңдылығына күмән келтіріп отыр. Бұл туралы адвокат Жасұлан Рахымғалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Жанабыловтарды күдікті деп тану жөнінде екі қаулы шығарған. Бұған дейін қорғау тарапы бірқатар өтінішхат жолдап, олардың бір бөлігі қанағаттандырылған. Алайда соңғы өтініш — сараптама тағайындау туралы талап — ешқандай нақты негізсіз кері қайтарылған.

Осыған байланысты қорғау тарапы құқықтық күрестің белсенді кезеңіне көшкен.

«Өтінішхат қанағаттандырылмаған соң, біз тергеу органдарының әрекетіне жоғары қадағалау органдарына, соның ішінде прокуратураға шағым түсірдік. Қазіргі таңда Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабына сәйкес бірнеше шағым берілді. Сонымен қатар тергеу судьясы арқылы соттық бақылау орнатылды. Әрбір тергеу әрекетінің заңдылығын тексереміз», – деді адвокат.

Қорғау тарапы айыптаудың негізіне алынған дәлелдерге де ерекше назар аударып отыр. Жасұлан Рахымғалиевтің сөзінше, күдікті деп тану туралы қаулыларда негізгі дәлел ретінде Құмар ойындар мен лотереяны реттеу комитетінің қорытындысы көрсетілген.

«Бұл комитет әкімшілік іс барысында хаттама жасаған және айыптауды қолдаған тарап болды. Енді сол органның қорытындысын тәуелсіз сарапшы пікірі ретінде пайдалану – заңға қайшы. Бұл мүдделі тарап, оның тұжырымы объективті дәлел бола алмайды», – деді ол.

Адвокат тергеу органдарының әрекеттері толық әрі әділ тексерілуі тиіс екенін атап өтті. Қорғау тарапы заң аясында берілген барлық шағым объективті қаралады деп үміттенеді.

Блогерлер істің қалай өрбитінін қоғамға ашық түрде жеткізіп отыруды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, 15 қыркүйекте Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі қараған. Олар лицензиясыз лотерея ұйымдастырды деп айыпталған. Іске азаматтардың шағымдары мен Қаржылық мониторинг агенттігінің жолдаған хаты негіз болған.

Тергеу дерегінше, блогерлер Instagram желісінде күн сайын ақша, автокөлік және өзге де сыйлықтар тігілген ұтыс ойындарын өткізген. Кейін сот шешімінен соң материалдар қаржылық операцияларды тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды