Астанада аулада ойнап жүрген 7 жастағы бала жоғалып кеткен (ВИДЕО)
Бала ауладан шығып, үйге уақытында оралмаған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 7 жасар бала ауладан шығып ойнап жүргенде жоғалып кетті. Ананың айтуынша, ол баласын ара-тұра тексеріп отырған, алайда кешкі уақытта ұлы үйге оралмаған. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Полиция қызметкерлері іздеуге жүздеген қызметкерді, оның ішінде патрульдік жасақ пен кинологтарды жұмылдырды. Сондай-ақ бейнебақылау камералары арқылы баланың қозғалыс бағыты анықталды.
Полицияның хабарлауынша, шамамен бір сағаттан кейін учаскелік инспектор баланы көрші ауладан тауып алды. Бала қауіпсіз болып, ата-анасына тапсырылды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші