Арыстанбек Мұхамедиұлы үйқамаққа шығарылмайтын болды

17.04.2023, 15:38
518
Арыстанбек Мұхамедиұлы үйқамаққа шығарылмайтын болды primeminister.kz

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тергеу изоляторында қалады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Судья Арыстанбек Мұхамедиұлы ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отырғанын, тергеу судьясының шешімінен сотталушының бостандықта болуы істі объективті қарауға кедергі жасауы мүмкін екенін атап өтті.

Соттың пікірінше, Мұхамедиұлының сырқаты бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз бола алмайды. Сотталушы тергеу изоляторында медициналық көмек ала алады.

"Сот адвокат Төлеевтің Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады", - Судья Бағлан Ыдырысов

Бұған дейін Мұхамедиұлының адвокаты Мұстақым Төлеев сотталушының денсаулығына байланысты Арыстанбек Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды, сондай-ақ қорғауындағы азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұраған болатын.

Арыстанбек Мұхамедиұлы жақында екінші рет ота жасалғанын айтты.

2022 жылы 29 мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынғаны белгілі болды. Оған халықаралық көрмелерге бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды