Астанада автобусқа мінген оқушыны тонаған шетелдік ұсталды (ВИДЕО)
Шетел азаматы автобуста ұрлық жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада полиция автобусқа кіріп бара жатқан мектеп оқушысын тонады деген күдікпен шетел азаматын ұстады. Оқиға қыз бала сабақтан кейін үйіне қайтып келе жатқан кезде болған.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқушы қоғамдық көлікке міну кезінде адамдар көп шоғырланған жерде қалған. Сол сәтті пайдаланған ер адам өзін де автобусқа кіріп жатқандай көрсетіп, қыз баланың сырт киімінің қалтасынан Vivo маркалы ұялы телефонды білдіртпей алып кеткен.
Жәбірленуші телефонның жоғалғанын автобустан түскеннен кейін ғана байқаған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 29 жастағы шетел азаматы анықталып, ұсталды. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды», — деп хабарлады полиция.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ұрлық фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Материал авторы