Тоқаев мәдениет саласындағы 75 адамға мемлекеттік стипендия тағайындады
Тұңғышбай Жаманқұлов пен Мырзатай Жолдасбеков бастаған қайраткерлер стипендия алатын болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тағайындау туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент өкімімен мемлекеттік стипендия ұлттық мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті қайраткерлерге берілді. Стипендия иегерлері қатарында қазақ әдебиеті мен өнерінің аңыз тұлғалары, Мемлекеттік сыйлық лауреаттары, «Қазақстанның халық әртісі» және «Қазақстанның халық жазушысы» атақтарының иегерлері бар.
Әдебиет қайраткерлері
Мемлекеттік стипендия мына тұлғаларға тағайындалды:
Айтхожа Марфуға, Ақсұңқар Серік, Амантай Дидар, Асқар Әлібек, Ахметова Зейнеп, Әбдікұлы Төлен, Әшіров Ахмет, Бақтыгереева Ақұштап, Бөпежанова Әлия, Елғондинова Заида, Елубаев Смағұл, Жағанова Алтыншаш, Жайлыбай Ғалым, Жанғалиев Төлеген, Жолдасбеков Мырзатай, Иманғазина Бибігүл, Исабаев Нұртас, Қабышұлы Ғаббас, Қуатов Дәурен, Мұқанова Роза, Нұржан Светқали, Нұржекеев Бексұлтан, Нұрмағанбетов Тынымбай, Рахымжанова Айзада, Салғараұлы Қойшығара, Салықбаева Гүлнара, Сүлейменов Олжас, Тұрғынбекұлы Серік, Шапай Тұрсынжан.
Өнер қайраткерлері
Сондай-ақ мемлекеттік стипендия төмендегі өнер өкілдеріне берілді:
Айтуаров Ерлан, Асылханов Ермек, Ахметова Шайза, Әспетова Күлжахан, Әбілтай Шәміл, Байбосынов Қайрат, Байсейітова Раушан, Балаев Геннадий, Бекқұлова Айжан, Беркенова Әсия, Бубэ Нэлли, Ерманов Жүрсін, Еслямова Самал, Жайымов Айтқали, Жақанов Ілия, Жаманбаев Базарғали, Жаманқұлов Тұңғышбай, Жанпейісова Лариса, Жолжақсынов Досхан, Жүзбай Жанғали, Кесоглу Пантелей, Клушкин Юрий, Крымская Валерия, Қалиламбекова Хорлан, Қастеева Зарема, Қасымов Қуандық, Қыдырбек Балнұр, Ли Камилла, Максим Екатерина, Мәлібекұлы Жандарбек, Молдағали Фархат, Мудряк Мария, Мұқатаева Алтыншаш, Мұхамедқызы Майра, Мышбаева Нүкетай, Недлина Валерия, Нұрбек Алтынай, Нүсіпжан Нұрғали, Обаев Есмұхан, Оразбаев Сәбит, Өтекешева Меруерт, Разиева Гүлвер, Рахманова Махинұр, Сұлтанғазы Бәзіл, Томанов Мұханғали, Төлегенова Бибігүл.
Ақорданың мәліметінше, бұл стипендия мәдениет пен өнер саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан тұлғаларды әлеуметтік қолдауға және шығармашылық қызметін ынталандыруға бағытталған.
Материал авторы