412

Павлодарда подполковник мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталып, шенінен айырылды

Басшы сыйақы алып, қызметтік ақпаратты жариялағаны үшін жазаланды.

Павлодарда подполковник мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталып, шенінен айырылды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда № 45 түзету мекемесінің бұрынғы басшысы қызмет өкілеттігін асыра пайдалану және мемлекеттік құпияны жариялау фактілері бойынша сотталды.

Сот анықтағандай, бұрынғы колония басшысы белгілі бір сотталушыларға жеңілдіктер беру үшін сыйақы алған. Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушының белсенді жұмысының арқасында қызметтік міндеттерін орындау кезінде ол қызметтік ақпаратты жариялағаны дәлелденді.

Сот үкімі бойынша күдіктіге 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру және подполковник шенінен айырылу жазалары тағайындалды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор