372

Шымкентте сотталғандарды азаптады деген түрме қызметкерлері қамауға алынды

Азаптау дерегі бойынша іс қайта сараланды.

Шымкентте сотталғандарды азаптады деген түрме қызметкерлері қамауға алынды
pixabay

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласындағы түзету мекемесінде сотталғандарға күш көрсетілді деген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мәліметке сәйкес, мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтардың бірі қызметкерлер тарапынан қорлық көргенін айтып, шағым түсірген. Шымкент қаласы бойынша өңірлік өкіл Нұржан Әбдезов сотталғанды жеке қабылдап, оның арызын тыңдаған. Сотталушының айтуынша, ол 2025 жылдың маусым айында мекеме қызметкерлерінің азаптауына ұшыраған.

Қабылдау барысында тағы бір сотталушының да соққыға жығылғаны анықталған. Медициналық тексеру нәтижесінде оның жақ сүйегі сынғаны белгілі болды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аталған фактілер бойынша жедел әрекет ету шаралары қабылданғанын мәлімдеді.

Тексеру қорытындысында медициналық көмекті дер кезінде көрсетпегені үшін медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылды. Ал түзету мекемесінің қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Алайда құқық қорғау институты бұл әрекеттерде азаптау белгілері бар екенін алға тартып, істі қайта саралау туралы жоғары қадағалау органына жүгінген. Бас прокуратура бұл ұстанымды қолдап, 2025 жылдың соңында тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігі бойынша қайта тіркелді.

Қазіргі уақытта түзету мекемесінің үш қызметкері қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

Материал авторы