«Мұғалім баламды соққыға жықты»: Өскеменде оқушы денесінен көгерген іздер табылмады

18.04.2023, 10:38
571
«Мұғалім баламды соққыға жықты»: Өскеменде оқушы денесінен көгерген іздер табылмады smartnews.kz

Өскемен қаласындағы №8 арнайы мектеп-интернатында болған мұғалім мен оқушының арасындағы кикілжіңге байланысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қала тұрғыны №8 арнайы мектеп-интернатында 9-сыныпта оқитын қызын мұғалімнің ұрып-соққанын айтып, полицияға шағымданды. Бұдан бөлек, ол дәл сол мектепте білім алатын ұлының мектеп аумағында ұстаздардың қарауынсыз жүргенде қолын сындырып алғанын жеткізген.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы ресми түсініктеме берді.

«Мұғалімнің қызды соққаны расталмады. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде жасөспірімнен ешқандай жарақат табылмады. Бейнебақылау камераларының жазбасынан көрінгендей, мұғалім балаға ескерту жасады, бірақ қыз еш жауап бермей, ары қарай жүгіріп кеткен. Сол кезде педагог оның соңына түсіп, бұрымынан ұстады. Ал оқушы жауап ретінде мұғалімнің шашынан ұстаған», - дейді басқарма басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Осы жағдайдан кейін мұғалімге қатаң сөгіс берілген.

Екінші оқиғаға қатысты да тексеру жүргізілді. Белгілі болғандай, оқушы доппен ойнап жүрген кезде құлап, жарақат алған.

«Мектепке бірден жедел жәрдем қызметкерлері шақыртылды. Олар баланы қаладағы Ана мен бала орталығына жеткізген. Ешкімнің кінәсі жоқ екенін баланың өзі де растады», - дейді Д. Шаухина.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады