Елімізге спутниктік интернеттің екі жаңа операторы келеді

06.01.2026, 10:43
340
Елімізге спутниктік интернеттің екі жаңа операторы келеді pixabay.com

Қазақстанда жаңа операторлар пайда болмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда шалғай елді мекендерді интернетпен қамту үшін спутниктік байланыс саласында екі жаңа шетелдік оператор іске қосылмақ. Бұл туралы 6 қаңтарда Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бүгінде ел аумағында спутниктік интернет қызметін көрсететін үш оператор жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта олардың қатары тағы екі компаниямен толығады.

«Бұл операторлар бойынша пилоттық сынақтарды биыл өткізу жоспарланып отыр», – деді Жаслан Мәдиев.

Сонымен қатар 2026 жылы спутниктік интернет жекелеген пойыздар мен әуе кемелерінде қолжетімді бола бастайды. Бұл жолаушылар үшін байланыссыз аймақтарда да тұрақты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Министр шалғай және туристік аймақтарда байланыс мәселесін шешу жергілікті атқарушы органдардың міндеті екенін атап өтті.

«Байланыс мүлде жоқ жерлерде әкімдіктер туристік және қолжетімсіз аумақтарды жергілікті бюджет есебінен спутниктік интернетпен қамтамасыз етуі тиіс», – деді ол.

Билік бұл қадам елдегі цифрлық теңсіздікті азайтып, инфрақұрылымы әлсіз өңірлердің дамуына серпін береді деп отыр.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады