80 млн теңге: Халықаралық іздеудегі алаяқ Шымкентте ұсталды

06.01.2026, 15:08
399
80 млн теңге: Халықаралық іздеудегі алаяқ Шымкентте ұсталды polisia.kz

Күдікті бірнеше азаматты алдап, миллиондаған теңгені иемденген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Полицияның жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде бірнеше эпизодқа қатысы бар күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мәліметінше, әйел Шымкент қаласының тұрғындарын алдау арқылы 80 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Алаяқтық әрекеттердің бірі – алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, қымбат әшекейлерді иемдену. Күдікті таныстығын пайдаланып, зергерлік бұйымдарды алып, өз міндеттемелерін орындамаған.

Сонымен қатар, әйел шетелге арзан туристік жолдамалар ұйымдастырамын деп азаматтардан алдын ала төлем алған. Алайда уәде етілген сапарлар жүзеге аспаған, ал жәбірленушілердің ақшасы қайтарылмаған.

Аталған фактілер бойынша күдікті халықаралық іздеуге жарияланған. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр, қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады