244

Қазақстанда доллар мен еуро қымбаттады

7 қаңтарға арналған доллар мен еуро бағамы жарияланды.

Қазақстанда доллар мен еуро қымбаттады
pixabay

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылғы 7 қаңтарға арналған шетел валюталарының теңгеге қатысты ресми бағамдарын жариялады.

Ресми дерекке сәйкес, АҚШ доллары мен еуро бағамы өсті. Сондай-ақ бірқатар шетел валюталары бойынша да жаңартылған көрсеткіштер ұсынылды.

Ұлттық банк белгілеген ресми бағамдар:

АҚШ доллары (USD) — 512,83 теңге

Еуро (EUR) — 600,58 теңге

Фунт стерлинг (GBP) — 693,91 теңге

БАӘ дирхамы (AED) — 139,63 теңге

Қытай юані (CNY) — 73,43 теңге

Түрік лирасы (TRY) — 11,91 теңге

Украина гривнасы (UAH) — 12,05 теңге

Қырғыз сомы (KGS) — 5,87 теңге

Ресей рублі (RUB) — 6,36 теңге

Сонымен қатар, kurs.kz порталы Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде қалыптасқан валюта бағамдарын жариялады. Қалаларда сатып алу мен сату бағалары ресми бағамнан өзгеше.

Айырбастау пункттеріндегі бағамдар:

Алматы қаласында:

USD — 512–516 теңге

EUR — 600–606 теңге

RUB — 6,28–6,36 теңге

Астана қаласында:

USD — 510–517 теңге

EUR — 595–607 теңге

RUB — 6,10–6,45 теңге

Шымкент қаласында:

USD — 514–516 теңге

EUR — 598–605 теңге

RUB — 6,28–6,35 теңге

Айырбастау пункттеріндегі нақты курс сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін.

Материал авторы