359

«Жүрегі тоқтап қалды»: Шымкентте сарбаздың қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды.

«Жүрегі тоқтап қалды»: Шымкентте сарбаздың қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды
instagram.com/ulttyq_ulan_resmi

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 6506 әскери бөлімінде мерзімді қызмет атқарып жүрген әскери қызметшінің қайтыс болуы тіркелді. Қызметші Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақыртылып (Тараз қаласы) әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық тексеруден өткен. Сонымен қатар, ол есепте тұрған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде қажетті тексерулерден өткен. Бұл деректерді Ұлттық ұлан баспасөз қызметі жеткізді.

Белгілі болғандай 6 қаңтарда әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Қала ауруханасында жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, ол өмірден озды. Алдын ала диагноз — «жедел лейкоз».

Осы оқиға бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жағдай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолбасшылығы мен жеке құрамы орны толмас қайғыға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып отыр.

Материал авторы