Қарағанды облысында бұрынғы әкім қарамағындағы әйелді зорламақ болған

07.01.2026, 15:48
429
Қарағанды облысында бұрынғы әкім қарамағындағы әйелді зорламақ болған бейнежазбадан

Қызметтік үйде болған оқиға сотта айтылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында қарамағындағы қызметкерін зорлауға оқталды деген айыппен сот алдында жауап беріп жатқан ауылдың бұрынғы әкіміне қатысты іс қоғамда қызу талқыға түсті. Прокурор айыптау бабын жеңілдетуді ұсынып, бұл шешім жәбірленуші тараптың наразылығын тудырды. Оқиға туралы Информбюро бағдарламасы жеткізді.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы экс-әкімге тағылған «зорлауға оқталу» бабын «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» ретінде қайта саралауды сұраған. Бұл ұсынысқа 23 жастағы жәбірленуші қыздың туыстары үзілді-кесілді қарсы.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, Ақшатау ауылының бұрынғы әкімі қарамағында істеген бас маманмен қызметтік үйде бірге тұрған. Сол кезеңде ол жас әйелді зорламақ болып, қарсылық көрсеткені үшін соққыға жыққан.

Істі одан әрі ушықтырған жайт – күдіктінің жәбірленушінің әкесімен бала кезден жақын араласқан, жан жолдас болғаны. Алайда 48 жастағы Нұрлан Сейілбеков өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.

Жәбірленушінің әкесі Асыл Рақымжановтың айтуынша, қызы оқиғадан кейін ауыр психологиялық күйзеліске түсіп, денсаулығына зиян келген. Ол прокурордың айыпты жеңілдету әрекетін әділетсіз деп бағалап, істі қайта қарауды талап етуде.

«Жан жолдасым болған соң сеніп, қызымды жұмысқа орналастыруға келісім бердім. Қызымды бірге тұрамыз деп алып кетті. Кейін зорламақ болған. Ұрып-соғып, басын пешке тығып, шашынан сүйреп, зорлық көрсетуге әрекет жасаған», – деді жәбірленушінің әкесі Асыл Рақымжанов.

Аталған іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Жәбірленуші тарап әділ шешім қабылдануы тиіс екенін айтып, айыптың ауырлығына сай бап қолдануды талап етуде.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды