SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс қаралуын жалғастырып жатыр. Бүгін тараптар жарыссөз кезеңіне өтті. Бұл туралы Kazinform жазды.
Мемлекеттік айыптаушы Нұржан Билибеков айыптау қорытындысын жариялап, соттан айыпталушы Айбар Жанболатқа Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ол жазаны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтеуі тиіс.
Сондай-ақ прокурор соттан айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын — қамауда ұстауды өзгеріссіз қалдыруды өтінді. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 98-бабының 2-бөлігіне сәйкес жәбірленушілердің пайдасына 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (117 060 теңге) өтемақы өндіру және мемлекетке сот сараптамасына жұмсалған 690 329 теңгені қайтару туралы талап қойылды.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 21-інен 22 маусымына қараған түні Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, отбасылық-тұрмыстық жанжал кезінде күйеуінің соққысынан Айзат Жұманова көз жұмған.
RUS