Көкшетауда пойыз қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды
Әйел белгіленбеген жерден өткені анықталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында теміржолда болған қайғылы оқиға адам өлімімен аяқталды. Көкшетау қаласында пойызбен соқтығысқан әйел алған ауыр жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 8 қаңтар күні болған. Әйел теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Сол сәтте оны пойыз қағып кеткен.
Оқиға орнына жедел қызметтер дереу жеткен. Зардап шеккен әйел аса ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның көптеген ауыр жарақат алғанын, екі аяғының табаны мен бір көзінің травматикалық жолмен ампутацияланғанын анықтаған. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша теміржол көлігін пайдалану және қозғалыс қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкелу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Материал авторы