Елордада үлескерлердің ақшасын қабылдау құқығы жоқ құрылыс салушылар тізімі жаңарды

18.04.2023, 16:26
532
Елордада үлескерлердің ақшасын қабылдау құқығы жоқ құрылыс салушылар тізімі жаңарды smartnews.kz

Астанада құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жаңарды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып табылады.

Азаматтардың қаражатын сақтау үшін Астана әкімдігі қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары (құрылысқа рұқсат, «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК оң қорытындысы) болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн.

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 9 мекенжайы бойынша «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03.

Үлескерлердің ақшасын қабылдау құқығы жоқ құрылыс компаниялардың тізімі сілтемеде келтірілген.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)