Ақтөбеде мектеп оқушысының өліміне кінәлілер жазадан босатылды

12.01.2026, 10:29
305
Ақтөбеде мектеп оқушысының өліміне кінәлілер жазадан босатылды diapazon.kz

Алты жасөспірім 14 жастағы Нұржанның өліміне кінәлі деп танылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы мектеп оқушысының өліміне қатысты резонансты іс бойынша үкімді өзгертіп, нақты бас бостандығынан айыру жазасын шартты мерзімге алмастырды. Нәтижесінде сотталғандар бостандыққа шықты. Бұл туралы Диапазон басылымы жазды.

Оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде ауылдық елді мекендердің бірінде болған. Жоғары сынып оқушылары 9-сыныпта оқитын жасөспірімдерді «үлкендерге құрмет көрсетпеді» деген сылтаумен соққыға жыққан. Салдарынан 14 жастағы Нұржан Сыдық оқиға орнында көз жұмды. Оның мәйіті ауыл шетіндегі ескі моншаның маңынан табылған.

Іс бойынша алты 17 жастағы жасөспірім сот алдына тартылды. 2025 жылдың қазан айында бірінші сатыдағы сот үкімі жарияланып, үш айыпталушыға «алдын ала сөз байласу арқылы жасалған бұзақылық» бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қалған үш жасөспірімге бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді.

Алайда нақты жаза алған үш сотталған мен жәбірленуші тарап үкімге апелляциялық шағым түсірген. Істі қайта қараған облыстық сот алқасы «гуманизм қағидатын басшылыққа ала отырып», бұл үшеуіне тағайындалған нақты жазаны шартты жазаға ауыстырды. Осылайша олар колониядан босатылып, жазасын еркіндікте, белгілі бір шектеулермен өтейтін болды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі сотталғандардың кінәсін толық мойындағанын, жасаған әрекеттеріне өкінгенін және жәбірленуші тараппен медиациялық келісімге келгенін хабарлады. Сондай-ақ қаза тапқан баланың туыстары да соттан жазаны жеңілдетуді сұраған. Осы жайттардың барлығы жазаны нақты мерзімнен шартты мерзімге өзгертуге негіз болған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды