ҚМДБ дипфейкке қатысты пәтуа шығарды

12.01.2026, 10:51
202
ҚМДБ дипфейкке қатысты пәтуа шығарды MIKE / ADOBE STOCK PHOTO

Ғұламалар кеңесі дипфейкті әділетсіз қолдануға қарсы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі дипфейк технологиясын қолдануға қатысты өз пәтуасын жариялады.

Дипфейк – жасанды интеллект көмегімен адамның шын айтпаған сөзін сөйлетіп немесе істемеген әрекетін жасағандай етіп бейнежазба жасау технологиясы.

ҚМДБ хабарлауынша, Ислам ғылым мен технологияның дамуына тыйым салмайды, бірақ тек адамзат игілігіне, әділеттілік пен адамгершілікке сай қолданылуы тиіс. Яғни, технология игі мақсатқа қызмет етсе – рұқсат, зиянды мақсатқа қолданылса – тыйым.

«Deepfake арқылы адамның шын айтпаған сөздерін сөйлетіп, істемеген әрекеттерін жасағандай етіп көрсету, жалған ақпарат тарату шариғат бойынша қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекет қоғам тыныштығын бұзып, іріткі тудырады. Ал ислам діні адам өмірінің қауіпсіздігін ең басты мақсаттардың бірі деп қарастырады. Тіпті қалжың түріндегі қорқытуға да рұқсат жоқ», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Ғұламалар кеңесінің қорытындысы бойынша, дипфейк арқылы жалған ақпарат таратуға, адамдарды алдауға шариғатта толық тыйым салынған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды