Шымкенттік дәрігерлер 10 жасар баланың миынан бір уыс құрт алды

18.04.2023, 17:30
682
Шымкенттік дәрігерлер 10 жасар баланың миынан бір уыс құрт алды Шымкент клиникалық балалар ауруханасы

Шымкенттік дәрігерлер 10 жасар баланың миынан бір уыс құрт алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері 10 жастағы балаға ота жасап, миындағы эхинакокк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады.

Екі сағатқа созылған операциядан кейін науқас екі тәулік бойы реанимацияда жатқан.

Кейін палатаға ауыстырылып, ем-дом жасалды. Ал, бір аптадан соң үйіне шығарылған.

«Сәуір айында бас ауруына шағымданған 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына келген. Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинакокк кистасы алынды. Қазір жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы жақсы. Мидағы эхинакокк құрты - сирек кездесетін жағдай. Көбіне мұндай құрт тәріздес киста бауыр мен өкпеде кездеседі», - дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохирургі Самат Көкшикбаев.

photo
Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол