540

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімовамен қайта табысты (ВИДЕО)

Продюсер келіні мен оның ата-анасын қонаққа шақырды.

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімовамен қайта табысты (ВИДЕО)
instagram.com/gulziraaidarbekova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың отбасы мен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасын Мальдив аралдарынан оралған соң күтті.

Әншінің анасы әлеуметтік желідегі парақшасында қонақ күтіп жатқан сәттен видео бөлісті. Гүлзира Айдарбекова жазбада:

«Бүгін бала-шағамыз Мальдивтен демалыстан келді, басымыз қосылып, мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу — бір бақыт! Барлығы көріп жүрген күлімсіреу — шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді. Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға жеткілікті», — деп атап өтті.

Сонымен қатар, Айдарбекова отбасы мүшелері мен құдаларына Жаңа жылға сыйлық та дайындаған.

«Құдамыз ауырып қалғанын естідім, бас киім алуды жөн көрдім. Құдағиыма қаракүзеннің терісінен сырт киім. Жаңа түскен келінге де сыйлық бар», — деді продюсер.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға жылы лебіздерін білдіріп, енесінің мейірімділігіне және отбасылық үйлесімділікке тәнті болды:

«Ақылды енесіз. Сізден бәрі үлгі алсын», «Қайраттың көзі бақытты», «Гүлзира ханым бәрінің көңілін тапқысы келеді», «Құда-құдағиыңыз көрегенді жандар екен», — деп жазды олар.

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғыш қызының туған күнін Мальдив аралдарында атап өткен болатын.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор