517

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген күдіктіге іздеу салынды

Күдікті Hyundai Mufasa автокөлігімен қашып кеткен.

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген күдіктіге іздеу салынды
Шымкент ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласының полиция департаменті 21 жастағы қызды өлтірді деп күдікке ілінген азаматты іздестіруді жариялады.

Полиция хабарламасына сәйкес, іздеуде тұрған Аймахан Шерхан Әлмаханұлы, 1997 жылы туған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс орындалғаннан кейін күдікті Hyundai Mufasa маркалы автокөлікпен (мемлекеттік нөмірі 015 AUY 17) із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қалалық полиция азаматтарды күдіктінің немесе аталған көліктің орналасқан жері туралы ақпарат беруге шақырады. Байланыс нөмірі – 102.

Қылмыстық іс «Кісі өлтіру» бабы бойынша қозғалған.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкент қаласынан 21 жастағы қыздың пышақ жарақатынан мерт болған денесі табылған болатын.

Материал авторы