351

Қарағандыда қылмыстық топ жетім балалардан миллиондап ақша бопсалаған

Қылмыскерлер жетім балаларға несие алуға мәжбүрлеген.

Қарағандыда қылмыстық топ жетім балалардан миллиондап ақша бопсалаған
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ жетім балалардан жүйелі түрде ақша бопсалаумен айналысқаны әшкереленді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілер соңғы алты ай бойы балалар үйінің тәрбиеленушілерін қорқытып, алдап және күш қолданып, әлеуметтік төлемдер түсетін арнайы шоттардан ақша шешкізген.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қылмыстық топ жасөспірімдерді микроқаржы ұйымдарынан несие алуға да мәжбүрлеген. Осы жолмен жымқырылған қаражаттың жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында барлық күдікті ұсталды. Тінту кезінде олардан автомат қаруына арналған оқжатарлар мен 100-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша «бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта полиция бұл топтың өзге де жәбірленушілері болуы ықтимал екенін тексеріп жатыр.

Материал авторы