Қостанайда тиктокта қазақтарды қорлаған әйел сотталды (ВИДЕО)

12.01.2026, 16:56
365
Қостанайда тиктокта қазақтарды қорлаған әйел сотталды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Тікелей эфирде айтылған сөздер сот үкімімен аяқталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай қаласының тұрғыны TikTok желісінде қазақтарды қорлағаны үшін сотталды. Қаладағы №2 сот 44 жастағы Юлия Хонды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі — «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша кінәлі деп таныды.

Сот анықтағандай, 2024 жылдың қараша айының басында, түнгі сағат 03:45 шамасында, әйел адам алкогольдік мас күйде TikTok әлеуметтік желісіне кіріп, жеке аккаунтынан тікелей эфирге шыққан. Трансляция барысында Ресей мен Украина арасындағы соғыс тақырыбы талқыланып жатқан сәтте ол ұлттық белгі бойынша балағат сөздер айтып, қорлайтын пікірлер білдірген. Сот бұл әрекеттерді ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған деп бағалады.

Судья Ольга Кузнецованың айтуынша, айыпталушының кінәсі тікелей эфирдің бейнежазбасымен, сараптамалық қорытындылармен және куәгерлердің көрсетулерімен толық дәлелденген. Нәтижесінде Юлия Хон екі жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтейтін болды. Бұған дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатта болған сотталушы үкім жарияланған сәтте залдан қамауға алынды.

Жаза тағайындау кезінде сот бірқатар жеңілдететін мән-жайларды ескерген. Атап айтқанда, әйелдің асырауында жол-көлік оқиғасынан кейін көру қабілетінен айырылған ұлы бар, оның емделу шығындарын өзі көтеріп отыр. Сонымен қатар айыпталушының отбасылы екені, тұрақты жұмысы бар екені және бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны назарға алынған. Соған қарамастан, сот одан 826 мың теңге көлемінде процессуалдық шығын өндіріп алуды міндеттеді.

Айыпталушының қорғаушысы Валерий Ли тікелей эфир кезінде оның қорғауындағы адамға да қорлау сөздер айтылғанын алға тартты. Оның айтуынша, даулы сөздер нақты бір адамға бағытталған, тұтас ұлтқа қарсы айтылмаған. Қорғау тарапы үкімге апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты Threads әлеуметтік желісінде алауыздық қоздырды деген айыппен Алика Мұхамадиеваға қатысты да айыптау үкімін шығарған болатын.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады