200

«Көзіме шөп салды»: Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі өзін ұрып-соққанын айтты

Әйел ерекше баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын айтты.

«Көзіме шөп салды»: Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі өзін ұрып-соққанын айтты
Бәсе Youtube-арнасы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өзін Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы ретінде таныстырған Асылжан Есенқызы экс-жолдасын тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті, опасыздық жасады және ерекше күтімді қажет ететін баласына көмектесуден бас тартып отыр деп айыптады. Бұл туралы әйел Бәсе Youtube-арнасына берген сұхбатында айтып берді.

Асылжан Есенқызы Қайрат Сатыбалдымен бірнеше жыл азаматтық некеде тұрғанын, бұл қарым-қатынас жайлы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да хабардар болғанын айтты.

«Мен Қайрат Сатыбалдының тоқалы да, ашынасы да емеспін. Ол мені анасымен, туыстарымен таныстырды. Біз бірге тұрған кезде оның басқа заңды әйелі болған жоқ», – деді ол.

Ол жас айырмашылығына қатысты да пікір білдірді.

«Мен биыл 40 жасқа толамын. Ол менен небәрі 16 жас үлкен. Бұл – кейбіреулер айтып жүргендей, әкеммен жасты адам емес», – деді Асылжан Есенқызы.

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалдымен қарым-қатынасы материалдық есепке құрылған емес. Миллионер тарапынан қымбат сыйлықтар ұсынылғанымен, ол өз еркімен бас тартқанын жеткізді.

Бұрынғы жұбайының сөзінше, балалы болу бастамасын Қайрат Сатыбалдының өзі көтерген. Алайда жүктілік кезеңінде қарым-қатынас күрт өзгерген.

«Алдымен психологиялық қысым басталды, кейін ол физикалық зорлыққа ұласты. Жүкті кезімде ол маған қол көтерді. Сол уақытта оның опасыздық жасағанын да түсіндім. Ауруханаға бірнеше рет түстім, талдаулар жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды көрсетті», – деді ол.

Асылжан Есенқызы бұл жағдайға байланысты Қазақстанда да, Францияда да бірнеше рет арыз жазғанын, алайда нақты нәтиже болмағанын айтты.

Ол 2019 жылғы 16 мамырда қызды дүниеге әкелген. Айтуынша, бала алты айға толғанда ерлі-зайыптылардың жолы екіге айырылған.

«Алғашында ол қызына жақсы қарады. Бірақ кейін опасыздық жасады. Мен мұны кешіре алмадым», – деді ол.

Асылжан Есенқызы қызына аутизм, СДВГ, дислекция, сөйлеу дамуының кешеуілдеуі, психикалық дамудың тежелуі және өзге де диагноздар қойылғанын мәлімдеді. Диагноз 2021 жылы анықталған.

«Қайрат Сатыбалды бұл туралы естігісі де келмеді. Бірнеше рет хабарласып, көмек сұрадым. Бес жылдан бері балаға тек өзім қарап келемін. Ол қаржылай да, моральдық та қолдау көрсетпейді», – деді ол.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор