386

Өскеменде итті 5-қабаттан лақтырған жігітті бәзбіреулер ұрып кеткен (ВИДЕО)

Итке қатігездік көрсеткен ер адамның өзі зардап шекті.

Өскеменде итті 5-қабаттан лақтырған жігітті бәзбіреулер ұрып кеткен (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде итке қатысты резонанстық оқиға күтпеген күйге жетті. Бесінші қабаттан лабрадор итін лақтырғаны күдіктінің өзі белгісіз адамдар қолынан зардап шекті. Бұл туралы 7-арна мәлімдеді.

Бастапқыда жануарды азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Кейін күдіктінің өзіне дене жарақаты келгені белгілі болды, оны дереу медициналық мекемеге жеткізді.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары екі эпизод бойынша тергеу жүргізіп жатыр: жануардың өлімі мен ер адамға дене жарақатын келтіру. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті барлық қатысушылар анықталғанын хабарлады.

«Қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталды. Құқықтық әрекеттер, сот сараптамалары жүргізілуде. Нәтижесінде болған оқиғаға құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, оқиға иттің пәтер ішінде дәретке отырғанынан кейін болған. Ер адамның әрекеті қоғамда үлкен резонанс тудырды. Волонтерлер мен жануарларды қорғаушылар кінәлілерді қатаң жазалау және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдау керегін талап еткен еді.

Материал авторы