SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда пәтер жөндеу кезінде шыққан жанжал пышақ жарақатымен аяқталды. Сот 49 жастағы әйелді азаматтық некедегі серіктесіне қасақана дене жарақатын салғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды.
Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылғы қараша айында болған. Ерлі-зайыпты ретінде бірге тұрып жатқан жұп пәтерде еден құю жұмыстарын жүргізген. Ер адам әйелдің жұмысына көңілі толмай, оны арқасынан ұрған. Біраз уақыттан кейін әйел ас үй пышағымен ер адамды арқасынан жарақаттаған.
Сотта жәбірленуші он жылға жуық бірге тұрғанын, бірақ ресми некеде болмағанын айтты. Оның сөзінше, оқиға болған күні олар алкогольдік ішімдік ішіп, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жанжал әйелдің еденді дұрыс құймауына байланысты туындаған.
Жәбірленуші пышақ соққысын көрмегенін, кейін ауруханада есін жиып, ота жасалғанын жеткізді. Ол соттан әйелді бас бостандығынан айырмауды сұраған.
Алайда сот айыпталушының әрекетін қылмыстық құқық бұзушылық деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оқиғадан кейін әйел жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсеткені ескерілгенімен, бұл жайт жазаны жеңілдетуге жеткіліксіз деп танылды.
RUS