Астана маңындағы ауылда үй жарылды: Үй ішінде жүкті әйел болған (ВИДЕО)
Жүкті әйел ауруханаға жеткізілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана маңындағы Талапкер ауылында тұрғын үйде жарылыс болды. Оқиға кезінде үйде жүкті әйел болған.
Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Талапкер ауылында газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелді.
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеке тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, артынан өрт шыққан. Оқиға орнына Ақмола облысы мен Астана қаласының құтқару қызметі жедел жетіп, шамамен 80 шаршы метр аумақты қамтыған өртті толық сөндірген.
Құтқарушылар үй ішінен көлемі әртүрлі 10-нан астам газ баллонын сыртқа шығарған.
Жарылыс кезінде үйде жүкті әйел болған. Ол дене жарақатын алмағанымен, қатты күйзеліс жағдайында елордадағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазіргі таңда медициналық тексеруден өтуде.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ақмола облысының ТЖД өкілдері газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.
Материал авторы