Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді

14.01.2026, 12:10
346
Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді instagram.com/d.satpayev

BBC бірқатар жас әрі болашағы зор футболшылар клубқа кіретінін жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, британдық медиаалпауыт BBC Sport Лондонның «Челси» клубындағы жаңа ойыншыларға арналған материалында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевты атап өтті.

BBC мәліметінше, 17 жастағы қазақстандық футболшы биыл жаздың соңында бас бапкер Лиам Росеньордың командасына қосылуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Дастан Сәтпаев кәмелет жасына толғанға дейін «Қайрат» сапында жалға беру шартымен ойнап жүр.

Басылым «Челсидің» келесі маусымға арналған жоспарына бірқатар жас әрі болашағы зор футболшылар енгізілгенін жазады. Олардың қатарында «Спортингтің» вингері Жеовани Кенда (құны – 40 млн фунт), «Страсбурдың» шабуылшысы Эмануэль Эмегха, «Қайраттың» форварды Дастан Сәтпаев және «Коринтианстың» сол қаптал қорғаушысы Деннер Эванжелиста бар.

Сондай-ақ «көкшілдер» жақында «Индепендьенте дель Вальеден» қорғаушы Дейнер Ордоньесті сатып алу туралы келісімді рәсімдеген. Ол клубқа 2028 жылдың қаңтарында қосылады.

BBC Sport Дастан Сәтпаевты «Челсидің» болашаққа бағытталған трансферлік саясаты аясындағы маңызды ойыншылардың бірі ретінде атап өткен.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды