Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ

14.01.2026, 13:54
264
Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ

ҚазҰУ суперкомпьютері апталап есептелетін тапсырмаларды бірнеше сағатта шешеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, академик Асқар Жұмаділдаев күрделі математикалық есептерді шешуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ суперкомпьютерінің қуатын пайдаланады.

 

Ғалымның айтуынша, бұрын бірнеше апта, тіпті айлар бойы қолмен немесе жеке компьютер көмегімен есептелетін аса күрделі алгебралық есептерді ҚазҰУ-дың жоғары өнімді суперкомпьютері қысқа уақытта шешіп берген.

«Тарихқа шолу жасасақ, мен Миттаг-Лефлер институтында жұмыс істеген уақытта компьютерге есептеу бағдарламаларын берсек, оның нәтижесін келесі күні ғана алатынбыз. Себебі күрделі есептерді шешу үшін қуатты компьютер қажет. Қазір өзімде сегіз процессордан тұратын қуатты жеке компьютер бар, алгебралық есептерімді соның көмегімен шығарып келдім. Алайда ҚазҰУ суперкомпьютері бұрын апталап есептелетін күрделі тапсырмаларды бар болғаны үш сағатта орындап берді. Сондықтан бұл орасан зор күш», – деді академик Асқар Жұмаділдаев.

Ғалымға ҚазҰУ Суперкомпьютер орталығының мамандары арнайы есептеуге арналған серверлерді бөліп берген және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда Асқар Серқұлұлы жоғары технологиялық құрылғының көмегімен басқа да күрделі есептерді есептеу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, ҚазҰУ-дың суперкомпьютері академиялық бағытта іске қосылған алғашқы жоғары өнімді есептеу кешені және мұндай деңгейдегі жүйе Орталық Азия өңірінде кездеспейді. Өнімділігі – 2000 терафлопс. Әлемдегі үздік 600 суперкомпьютердің бірі. Архитектурасы Intel және NVIDIA компанияларының процессорларынан құралған, қуаты ең заманауи дербес компьютерден 10 мың есе артық. Бұл жүйе күрделі математикалық модельдер мен көпөлшемді есептеулерді жоғары дәлдікпен орындауға, ауа райын болжауға, сондай-ақ жасанды интеллект пен деректерді терең талдау бағытындағы ғылыми және қолданбалы жобаларды тиімді жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды