Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО)

14.01.2026, 14:50
267
Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Жас қыздың өлімі қоғамда резонанс тудырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Талғар ауданында 20 жастағы қыз медициналық көмек сұрап аудандық орталық ауруханаға жүгінгеннен кейін көп ұзамай қайтыс болды. Марқұмның туыстары дәрігерлердің салғырттығын алға тартып, қоғамға үндеу жасады. Бұл туралы lifekztv жазды.

Талғар аудандық орталық ауруханасының баспасөз қызметі оқиғаның барлық мән-жайы әзірге толық анықталмағанын мәлімдеді. Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, түпкілікті қорытынды сот-медициналық сараптама нәтижелері шыққаннан кейін ғана жасалуы тиіс.

Аурухана мәліметінше, науқасқа медициналық көмек белгіленген тәртіпке сай көрсетілген.

«Пациентке клиникалық көрсеткіштерге және қолданыстағы медициналық стандарттарға сәйкес қажетті диагностикалық және аспаптық тексерулер жүргізілді. Қарау мен зерттеу нәтижесі бойынша науқастың жағдайы жедел түрде ауруханаға жатқызуды талап етпеді. Айта кету керек, пациент медициналық мекемеден өз еркімен, туысының ертуімен кеткен. Қазіргі кезеңде медициналық персоналдың әрекеті немесе әрекетсіздігі мен пациенттің жағдайы арасында себеп-салдарлық байланысты нақты анықтауға мүмкіндік беретін дәлелдер жоқ», – делінген аурухана хабарламасында.

Медицина қызметкерлері ықтимал дене жарақаттарының сипаты, олардың пайда болу механизмі мен уақыты тек сот-медициналық сараптама барысында анықталатынын атап өтті. Құқықтық баға барлық медициналық және процессуалдық материалдар зерттелгеннен кейін ғана беріледі.

Оқиға жергілікті тұрғындар арасында үлкен резонанс тудырды. Қоғам өкілдері істің жан-жақты әрі ашық тергелуін талап етуде.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

«2026 жылғы 10 қаңтарда қайтыс болған азаматшаның өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында медициналық қызметкерлердің әрекеттеріне тиісінше тексеру жүргізіледі», – деп хабарлады ведомство.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды