«Атпен таптамақ болды»: Алматы облысында ер адам өз әйелін балағаттап, қорқытқан (ВИДЕО)

15.01.2026, 12:33
271
«Атпен таптамақ болды»: Алматы облысында ер адам өз әйелін балағаттап, қорқытқан (ВИДЕО) бейнежазбадан

Ерлі-зайыптының 5 баласы бар екені анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында ер адамның әйеліне қатысты дөрекі әрекеттері түсірілген видео полицияның назарын аудартты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада атқа мінген ер адам әйелін жұлқып, балағат сөздер айтып, қорқытып тұрғаны көрінеді. Оқиғаға байланысты тексеру басталды.

Белгілі болғандай, видеоны ер адамның өзі емес, жұбайы жасырын түрде түсіріп алған. Ерлі-зайыптының бес баласы бар. Әйел бейнежазба арқылы күйеуінің өзіне ғана емес, балаларына да дөрекі сөйлеп, жиі балағаттайтынын көрсеткісі келген.

Кадрлардан масаң күйде жүрген ер адамның қызына да ауыр сөздер айтып жатқан сәттері байқалады. Видео қоғамда резонанс тудырып, құқық қорғау органдарының назарына ілікті.

Алматы облысы полиция департаменті Instagram әлеуметтік желісін мониторингтеу барысында аталған жазбаны анықтағанын хабарлады. Алдын ала дерек бойынша, оқиға Алматы облысы Архарлы ауылында болған. Күдікті — 49 жастағы жергілікті тұрғын.

«Материал тіркелді, отбасында болуы мүмкін зорлық-зомбылық фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары осыған дейін аталған дерек бойынша ресми арыз түспегенін атап өтті. Тексеру жалғасып жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды