455

Шымкент базарында үнді студентіне тиіскендерге сот шешім шығарды (ВИДЕО)

Үнді студент видео арқылы жылап көмек сұраған.

Шымкент базарында үнді студентіне тиіскендерге сот шешім шығарды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өткен аптада әлеуметтік желілерде Шымкенттегі «Қырғы базар» нарығында болған жанжал туралы видео тарап, көптің назарын аударған еді. Видеода Үндістаннан келген студент-блогер қоғамдық орында бейнежазба түсіріп жатқанда оған еш себепсіз жақындап, дөрекі мінез танытқан ер адам туралы айтып береді. Кейін екінші түсірілім кезінде телефон мен сумкасы тәркіленгені көрсетіледі. Студент көз жасына ерік беріп, көмек сұраған.

Видеоны көрген полиция қызметкерлері әрекетке кірісті. Қылмыскер ретінде нарықтың күзетшісі анықталды. Бүгін оқиға Шымкент қаласындағы арнайы ауданаралық сотта қаралып, әрекет жеңіл бұзақылық ретінде бағаланды.

Сот барысында күдікті кінәсін мойындап, өкінгенін айтты және жазасын жеңілдетуді өтінді. Ал зардап шеккен студент оны кешіргенін және талап арыз жоқ екенін мәлімдеді. Осыған орай, сот күзетшіні кінәлі деп танып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, яғни 86 500 теңге тағайындады.

Оқиғаға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің назар аударды. Министр кеңесшісі Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі жазбасында:

«Шетелдік студенттерге қатысты осындай қарым-қатынас елдің беделіне нұқсан келтіреді. Олар тек қонақ қана емес, сонымен қатар Қазақстан экономикасына үлес қосады», – деп мәлімдеді.

Материал авторы