609

Ақтауда сержант қызметтік КамАЗ астында қаза тапты

Келісімшарттағы сарбазды КамАЗ қағып кеткен.

Ақтауда сержант қызметтік КамАЗ астында қаза тапты
Gemini иллюстрациясы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда әскери қызметкер жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты. Қайғылы жағдайды Құрлық әскерлері баспасөз қызметі растады.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 14 қаңтар күні Ақтау гарнизонына қарасты Оймашы әскери полигонынан бөлімше кері қайтып келе жатқан кезде болған. Қолайсыз ауа райы жағдайында — көктайғақ, көрінудің шектелуі және түнгі уақыт әсерінен қызметтік КамАЗ көлігі келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарған кіші сержантты қағып кеткен.

Алынған ауыр жарақаттар салдарынан әскери қызметкер оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Құрлық әскерлері баспасөз қызметі Қарулы күштер қолбасшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтатынын жеткізді. Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметкердің отбасына қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.

Материал авторы