Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті

16.01.2026, 11:12
259
Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті әлеуметтік желіден

Рәтбек қажы Құранды қазақ тіліне аударған тұңғыш ғалым болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі, көрнекті дін қайраткері, Құранды қазақ тіліне аударған ғалым Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы растады.

Бас мүфти марқұмның отбасына көңіл айтты

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марқұм Рәтбек қажы Нысанбайұлының отбасы мен туған-туыстарына, барша мұсылман қауымына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазіретіміздің қайтыс болғаны туралы суық хабар жаныма қатты батты. Жуырда ғана ахуалын сұрап, жүздескен едік. Ақсақалдың дәм-тұзы таусылған екен. Алла алдынан жарылқасын, иманы өзіне серік болсын», – делінген жеделхатта.

ҚМДБ-ның іргесін қалаған тұлға

Наурызбай қажы Тағанұлы Рәтбек хазіреттің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құрудағы тарихи рөліне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Рәтбек қажы мүфти болған кезеңде мұсылман елдерімен байланыс нығайып, діни ынтымақтастық кеңейген.

Марқұм басқарған жылдары Қазақстанда 30-дан астам мешіттің салынуына ықпал етіп, халықтың діни сауатын арттыруға басымдық берген. Бұл кезең діни ортада «алғашқы сауат ашу дәуірі» ретінде бағаланады.

Ұстаздық жолы мен шәкірт тәрбиесі

Рәтбек қажы Нысанбайұлы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге арнаған тұлға болды. Ол кейінгі буын дін қызметкерлеріне әрдайым ақыл-кеңес беріп, жанашырлық танытып отырды. Оның діни-ағартушылық қызметі ел ішінде кеңінен мойындалды.

Өмірбаяны мен қызмет жолы

Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы қарашада Түркістан облысында дүниеге келген. ҚазПИ-дің тарих факультетін тәмамдап, кейін Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесінде және Бұхара педагогикалық институтында білім алды.

1969–1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат және құқық факультетінде оқып, жоғары діни білім алды. 1979 жылдан бастап Қазақстан қазиі қызметін атқарды.

1990 жылдың 12 қаңтарында Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандарының І құрылтайында ҚМДБ құрылып, Рәтбек қажы Нысанбайұлы тұңғыш Бас мүфти болып сайланды. Ол бұл қызметті 2000 жылға дейін атқарды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды