Алматыда қарғыбаусыз ит балаға шабуыл жасады (ВИДЕО)
Ит иесіне заң аясында шара қолданылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласының Қалқаман шағынауданында ит кәмелетке толмаған балаға шабуыл жасады. Оқиға сәті бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарады.
Жарияланған кадрларда көшеде жүрген иттің баланы кенеттен қағып құлатып, шабуыл жасағаны көрінеді. Мәліметке сәйкес, жануар сол сәтте қарғыбаусыз әрі тұмылдырықсыз жүрген.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізгенін мәлімдеді. Нәтижесінде ит иесі жануарларды ұстау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл құқықбұзушылық адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан.
Полиция өкілдері мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылданғанын атап өтті.
«Балалардың және қала тұрғындарының қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Әрбір жануар иесі өз питомецін бақылап, белгіленген талаптарды қатаң сақтауға міндетті. Бұл ережелерді сақтау адамдарды да, жануарлардың өзін де қорғайды», – делінген полицияның ресми хабарламасында.
Материал авторы