Ақтөбеде зорлады деген желеумен ақша бопсалаған әйел қолға түсті

16.01.2026, 16:40
383
Ақтөбеде зорлады деген желеумен ақша бопсалаған әйел қолға түсті Shutterstock

450 мың теңге талап еткен әйел қылмыс үстінде ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласында 54 жастағы ер адамнан ақша бопсалады деген күдікпен жас әйел ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында жергілікті тұрғынның қылмыстық әрекеті әшкереленген. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті ер адамды өзіне қатысты зорлау жасалды деп жалған арыз жазамын деп қорқытып, 450 мың теңге талап еткен.

«Күдікті әрекетін әдейі жасаған. Ол жәбірленушіні құқық қорғау органдарына арызданамын деп қорқытып, үнсіз қалуы үшін ақша бопсалаған», – деп хабарлады полиция департаменті.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде 28 жастағы күдікті әйел ақша алу сәтінде қолға түсті. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, алынған қаржы тәркіленді. Күдікті кінәсін толық мойындап, қылмысқа жеке пайдасын көздеп барғанын түсіндірген.

Аталған дерек бойынша бопсалау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заң бойынша күдіктіге мүлкін тәркілеумен немесе онсыз төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады