565

Түркістан облысында өзін қоғамдық белсенді етіп көрсеткен блогер ұсталды (ВИДЕО)

Оңтүстікте блогерге қатысты бопсалау ісі қозғалды.

Түркістан облысында өзін қоғамдық белсенді етіп көрсеткен блогер ұсталды (ВИДЕО)
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында өзін қоғамдық белсенді ретінде таныстырған блогер әйел бопсалау дерегі бойынша ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, Түркістан облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 32 жастағы әйелді қолға түсірген. Ол әлеуметтік желілер арқылы блог жүргізіп, өзін қоғам белсендісі ретінде көрсеткен.

Алдын ала дерекке сәйкес, күдікті Келес ауданындағы медициналық мекеменің басшысынан әлеуметтік желілерде беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жарияламау үшін 1 миллион теңге талап еткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдер тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.

Материал авторы