610

Түркістан облысындағы оқушы қыздың өлімі: екінші күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Түркістан облысындағы оқушы қыздың өлімі: екінші күдікті ұсталды
pexels

"Күдікті ретінде 11 сынып оқушысы ұсталды. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті.

Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.

Еске сала кетсек, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9 сынып оқушысының мәйіті каналдан табылған болатын.