2556

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың отбасы қара жамылды

Қайрат Нұртастың отбасы марқұмды ақтық сапарға шығарып салды.

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың отбасы қара жамылды
instagram.com/gulziraaidarbekova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер және Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің апасы – Күлше апа өмірден өткенін хабарлады.

Продюсер Күлше апаны өзінің бала кезінен көріп, әрқашан жылы қабылдап, батасын беріп кеткенін еске алды. Ол апасының жүз жылға жуық өмір сүргенін, отбасына және ауылдағы көршілерге жақын болғанын атап өтті.

“Күлше апам бір ғасыр өмір сүрді. Балалық шағымыздағы естеліктер, ата-анамызбен бірге шай ішкен сәттер есіме түседі. Бүгін 7 күндік асын беріп, жақындарымызбен анамызды еске алып отырмыз”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Отбасы Күлше апаның жаны жәннатта болуын тілеп, сүйіспеншілікпен еске алуда.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор