257

Ақтауда жасөспірімдер туристік нысанды қиратып кетті (ВИДЕО)

Қар адам мен жарнама тақтасы қиратылған.

Ақтауда жасөспірімдер туристік нысанды қиратып кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудағы танымал туристік нысандардың бірі – «Төңкерілген үй» аумағында түнгі уақытта бұзақылық дерегі тіркелді. Екі жасөспірім нысан маңындағы жарнама тақтасын қиратıp, қар адамды зақымдаған. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Оқиға 16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түні, «Ақтау» сауда-ойын-сауық кешенінің маңында орналасқан аттракцион аумағында болған. Бейнебақылау камераларына түскен кадрларда екі жасөспірімнің нысан аумағына кіріп, алдымен жарнама стендін бірнеше рет тепкені анық көрінеді.

Одан кейін олар жанында тұрған қар адамға жақындап, біреуі оның бас тұсынан аяқпен теуіп, құлатып кеткен. Осыдан соң екеуі де оқиға орнынан қашып кеткен.

Ақпаратқа сәйкес, жасөспірімдер нысан ішіне кіруге әрекет жасамаған. Туристік объект әкімшілігі аталған дерек бойынша полицияға арыз түсірмеген. Қазіргі таңда оқиғаның салдары мен келтірілген шығын көлемі нақтыланған жоқ.

Материал авторы