358

«Батареяға байлап ұрған»: Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйел ұсталды (ВИДЕО)

Оқиға WhatsApp чаттарында тараған видеодан кейін белгілі болды.

«Батареяға байлап ұрған»: Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйел ұсталды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаркент қаласында баласына күш қолданды деген күдікпен 28 жастағы әйел ұсталды. Балаларды уақытша отбасын қолдау орталығына орналастырды. Бұл туралы Жетісу облысының полициясы мәлімдеді.

Полицияның дерегінше, қаладағы WhatsApp чаттарында әйелдің кәмелетке толмаған баласын ұрып жатқан сәті түсірілген видео тараған. Ақпарат түсе салысымен Панфилов аудандық полициясы тексеру жүргізіп, видеодағы оқиғаның шынайы екенін анықтаған.

Тексеру барысында Жаркент қаласының тұрғыны өз баласына дене жарақатын келтіргені белгілі болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әйел полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның екі баласы барлық жағдай толық анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Сонымен қатар қорғаншылық және қамқоршылық органына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы ұсыныс жолданады.

Полиция хабарлауынша, тергеу барысы департамент басшылығының жеке бақылауында. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор