SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының бүгінгі бағамы белгілі болды. Kurs.kz деректеріне сәйкес, Алматы мен Астанада доллар, еуро, рубль және юань бағамында айырмашылық бар.
Алматы қаласындағы айырбастау орындарында АҚШ доллары 511,00 теңгеден сатып алынып, 513,27 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 592,85 теңге болса, сату бағасы 598,50 теңгеге жеткен. Ресей рублі 6,43–6,53 теңге аралығында саудалануда. Қытай юанінің бағамы 73,80 теңгеден 76,96 теңгеге дейін өзгеріп отыр.
Астана қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,62 теңгеден сатып алынып, 517,53 теңгеден сатылуда. Еуро 591,02 теңгеден қабылданып, 600,96 теңгеден ұсынылып отыр. Рубльдің бағамы 6,40–6,70 теңге аралығында қалыптасқан. Ал юань 74,08 теңгеден сатып алынып, 78,11 теңгеден сатылып жатыр.
Айта кетейік, өткен апта соңында доллардың орташа бағамы небәрі 1,05 теңгеге қымбаттап, 512,16 теңгені құраған болатын.
RUS