Шымкенттегі университет 20 млн теңгеге кресло алған

19.01.2026, 10:29
247
Шымкенттегі университет 20 млн теңгеге кресло алған ҚМА

Әуезов университетіндегі жемқорлық ісі сотқа жолданды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қатысты ірі қаржылық заңбұзушылық ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің қала бойынша департаменті мәлімдеді.

Тергеу дерегіне сәйкес, университетте бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу толық аяқталған. Күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар.

ҚМА мәліметінше, күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе әдейі қымбат бағамен рәсімделген жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған. Университетпен байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген.

Тергеу барысында белгілі болғандай, осы схема аясында университет басшылығы нарықтағы құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алған.

Нақты жеткізілімдердің болмауын жасыру үшін күдіктілер тозған тауарлық-материалдық құндылықтарды балансынан формалды түрде есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды жалғастырған. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына алынуы тиіс жаңа тауарлар мүлде жеткізілмеген.

Нәтижесінде мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынның 264 млн теңгесін ерікті түрде өтеген.

Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Атап айтқанда, төрт тұрғын үй, бір автокөлік және банктік шоттардағы 40 млн теңге көлеміндегі қаражат бұғатталды.

Қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан