Коммерциялық мақсатта саңырауқұлақ пен жидек тергендер салық төлейді

20.04.2023, 15:44
477
Коммерциялық мақсатта саңырауқұлақ пен жидек тергендер салық төлейді smartnews.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев саңырауқұлақ пен жеміс-жидек теретіндерге салық салудың жаңа нормасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мұндай алым түрі бұрын да болған. Осыған дейін бұрын осы талап тек ерекше қорғалатын аймақтарда, яғни ұлттық парк, қорықтардың аумағында таралған еді. Ал енді барлық жерде қолданылмақ. Екіншіден, жаңа норманың қарапайым халыққа қатысы жоқ. Бұл тұрғыда салық өнімді көп көлемде жинайтын, дәрілік препараттар жасайтын немесе коммерциялық мақсатта пайдаланатын кәсіпкерлерге қатысты», - деді Е. Жамаубаев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда тілшілер «көпбалалы отбасылар балаларына киім алу мақсатында жидек теріп, оны сатқан жағдайда, салық салына ма?» деп сұрады.

«Бұл жағдайларда салық салынбайды. Оны қарапайым халық төлемейді», - деп нақтылады министр.

Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап елімізде саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін кейбір азаматтарға салық қарастырылған.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)