Терроризм актісі туралы хабарлағандарға қанша сыйақы төленеді

20.04.2023, 16:06
758
Терроризм актісі туралы хабарлағандарға қанша сыйақы төленеді smartnews.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының терроризм актісінің алдын алуға немесе оның жолын кесуге көмектесетін ақпарат ұсынған адамдарға сыйақы беру туралы бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік немесе ішкі істер органдарына терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға ҰҚК немесе оның аумақтық органдары сыйақы төлейді», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.

Біржолғы сыйақы мына мөлшерде белгіленеді және төленеді:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша -750 АЕК (2 587 500 теңге);

- ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 1 000 АЕК (3 450 000 теңге).

Құжатта көрсетілгендей, сыйақы ақпаратты хабарлаған адамның мәліметі дәлелді және ол кінәлі адамға нақты қатысты болса ғана төленеді.

Бұйрық жобасы 4 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды