«Астахфируллаһ!»: Рүстем Жүгінісовтің шоқынған видеосы қоғамда дау тудырды (ВИДЕО)
Бұрынғы әнші тағы да діни даудың ортасында қалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде шоқыну рәсімінен өткен сәті бейнеленген видеоны жариялап, қатаң сынға ұшырады.
Әнші христиан дініндегі негізгі діни жоралғылардың бірі саналатын рәсімге қатысқанын көрсетті. Алайда бейнежазба желі қолданушыларының түсінбеушілігі мен наразылығын туғызды. Көпшілік Рүстем Жүгінісовтің мұсылман бола тұра мұндай қадамға баруын сынға алды.
Пікір қалдырғандар оның бұрын діни тақырыпта жасаған мәлімдемелерін еске салды. Әсіресе Жаңа жыл мерекесіне қатысты айтқан сөздерімен бұл әрекеттің үйлеспейтінін алға тартты. Кей қолданушылар мұндай әрекет дінге деген көзқарастың тұрақсыздығын көрсетеді деп жазды.
Әлеуметтік желідегі талқылау барысында әншінің шоқыну рәсіміне дәл осы кезеңде қатысуы, сондай-ақ оны жария түрде көрсетуі қоғамда қосымша сұрақтар туғызғаны байқалды. Пікірлердің басым бөлігі сын сипатында болды.
«Астахфируллаһ», «Орыстардың мейрамында суға түсіп бисмилла деген қалай?», «Жаңа жылда шырша харам деп алып, крещениеде суға түскен қалай кетті», «Денсаулық үшін деп дәл шоқынатын кезге туралап салғаның қалай кетті болмаса алдында түсірмедің бе күнде істеп жүрсең», «Дәл осы күні емес шығар енді», «Негізі исламда жоқ қой суға шомылу қыста. Екіншіден пайғамбарымыз бізге бәрін үйретіп кетті ғой, бірақ суық суға шомылу жоқ. Денсаулық аманат ол. Осы христиандардың дәстүрін, дінін насихаттап кеткен жоқсыңдар ма?», - деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жүгінісовке діни алауыздық туғызды деген негізбен әкімшілік жаза қолданылып, 79 мың теңге көлемінде айыппұл салынғаны хабарланған болатын.
Материал авторы