UNI-Q Group медиахолдингінің бас директоры тағайындалды

19.01.2026, 15:39
121
UNI-Q Group медиахолдингінің бас директоры тағайындалды Kazinform

UNI-Q Group халықаралық дамуға бағыт алған жаңа басшысын таныстырды.

UNI-Q Group медиахолдингі 2025 жылғы қызметінің қорытындысын шығарды. Акционерлердің жалпы жиналысында компания жұмысына оң баға беріліп, холдингті институционалдық тұрғыда күшейтуге, халықаралық серіктестікті кеңейтуге және жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар басқарушылық шешім қабылданды.

Акционерлер шешімімен UNI-Q Group медиахолдингінің бас директоры болып Мұхамедқали Тауан тағайындалды. Ол халықаралық ынтымақтастық пен корпоративтік басқару саласында тәжірибелі менеджер ретінде танылған. Бұған дейін «Дара» президенттік бастамалар қорында, «Астана» халықаралық қаржы орталығында, Ұлттық банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясында және жеке секторда басшылық қызметтер атқарған.

АХҚО-дағы қызметі барысында Мұхамедқали Тауан креативтік индустрияны дамытуға бағытталған заңнамалық актілерді әзірлеуге қатысқан. Акционерлердің жалпы жиналысы оның негізгі міндеттері ретінде халықаралық әріптестікті дамыту, жаңа инвесторлар тарту және креативтік индустрия саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін уәкілетті мемлекеттік органдармен жүйелі жұмыс жүргізуді айқындады.

Сонымен қатар оған «Дара» президенттік бастамалар қорында басталған жобаларды аяқтау міндеті жүктелді. Атап айтқанда, түрік-америкалық Karga Seven Pictures киностудиясымен бірлесіп түсірілген «Алтын империя» деректі-драмалық хикаясын толық аяқтау жоспарланған.

Бас директор алдына қойылған міндеттерді ескере отырып, медиахолдингтің Астанада топ кеңсесін ашу туралы шешім қабылданды. Шығармашылық және техникалық бөлімдер Алматыда жұмысын жалғастырады. Дмитрий Гудумак холдингтің техникалық бағыттары мен бизнесті дамытуға жауапты тең бас директор қызметін атқарады, ал Анара Жүнісова Unico Studio басшысы әрі Unico Play бас продюсері болып қалады.


Сурет: Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

UNI-Q Group медиахолдингі 2024 жылы құрылған. Холдингтің алғашқы инвесторларының бірі – қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов. Құрамына Unico Studio, Unico Play онлайн кинотеатры, AI-дубляж және субтитр студиясы Unico Dubbing, Unico Rights халықаралық дистрибуция жүйесі, қазақ тіліндегі AINA онлайн медиасы және жас шығармашылдарға арналған Unico Play Lab алаңы кіреді.

Білім беру бастамалары аясында он жас режиссер арнайы дайындықтан өтіп, алғашқы қысқаметражды фильмдерін түсіріп жатыр. 2025 жылғы 12 қыркүйекте іске қосылған Unico Play онлайн кинотеатры небәрі бірнеше айда 500 мыңнан астам бірегей көрермен жинап, ай сайынғы белсенді қолданушылар саны 1,3 млн-нан асты. Платформада 9 мың сағаттан астам қазақ тіліндегі контент таратылады.

Холдинг зияткерлік меншікті қорғау бағытында қарақшылық сайттарды бұғаттау және контенттің заңсыз таралуын шектеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Алдағы кезеңде медиахолдинг тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арналған фильмдер, сондай-ақ балалар мен көпшілікке арналған қазақ тіліндегі сапалы контент өндірісін күшейтуді жоспарлап отыр.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр